logo
8 ноября 2022
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының Минскіде өтетін турнирдегі матчтарының көрсетілімі

10 және 12 қараша аралығында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Белоруссиядағы «Спорт клубы президентінің кубогі» халықаралық турнирінің жүлделері үшін таласады. Матчтар Минскідегі Чижовка-аренада өтеді. Командамыздың барлық матчтарын тікелей эфирде Insport телеарнасы көрсетеді, сонымен қатар онлайн-трансляция да қолжетімді болады. ҚХФ сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларымыздан жаңалықтарды оқи жүріңіздер.

Назарларыңызға Қазақстан жасөспірімдер құрамасының турнирдегі матчтарының актуалды кестесін ұсынамыз:

2022 жылдың 10 қарашасы, 21:00 – Беларусь U18 – Қазақстан U18

2022 жылдың 11 қарашасы, 15:00 – Ресей U16 – Қазақстан U18

2022 жылдың 12 қарашасы, 15:00 – Қазақстан U18 – Ресей қызд.

* Астана уақыты көрсетілген

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ