logo
13 июня 2025
Қазақстан қыздар құрамасының ең тәжірибелі 5 ойыншысы

Ерлер құрамасындағыдай, қазіргі қыздар құрамасының сапында да құрама үшін ең көп матч өткізген тәжірибелі ойыншылар бар. Олардың ішінде рекорд иесі – Татьяна Королева. Ұлыбританияда өткен әлем чемпионаты оның мансабындағы 16-шы турнирі болды, оның төртеуі – жоғарғы дивизионда. Мансап жолында ол 115 ресми матчқа қатысып, жолдастық кездесулер мен турнирлерді есептемегенде, 39 (15+24) ұпай жинады. Биыл наурыз айында ол 39 жасқа толды. Осылайша ол 2023 жылы мансабын аяқтап, 114 матч өткізген Ольга Конышеваның рекордын жаңартты. Ал гол соғу бойынша рекорд әлі де Наталья Яковчукке тиесілі – ол құрама сапында 49 (39+10) ұпай жинаған.

Қазіргі құрамда екінші орында — 39 жастағы Лариса Свиридова. Ол құрама сапында 94 ресми матч өткізіп, 27 (11+16) ұпай еншіледі.

Үшінші орында – 32 жастағы Дария Молдабай. Қорғаушы ретінде ол 88 матчқа қатысып, 26 (14+12) ұпай жинаған.

Төртінші орында Малика Алдабергенова тұр. Ол 69 ойын өткізіп, 28 (15+13) ұпаймен көзге түсті.

Дәл соншама кездесуді Мадина Тұрсынова өткізді. Ол да 69 матч өткізіп, шабуылшы ретінде 20 (8+12) ұпай еншілеген.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ