Татьяна Королева: «Тек жеңіс, тек алға!»
Қазақстан құрамасының Қытайлық Тайпейдің қақпасына салған алғашқы шайбасының авторы Татьяна Королева өткен матчқа қатысты Қазақстан хоккей федерациясына берген сұхбатында пікір білдірді.
- Матч тамаша өтті, қарсыласты жете бағаламауға болмайды. Жақсы дайындалдық. Қалай гол салды десеңіздер, біраз айналып, жол аштым, Свиридова пас берді де, өзімнің сүйікті голымды салдым – голкипердің екі аяғының арасынан өткізіп жібердім. Келесі аптаға жоспар – тек жеңіс, тек алға!
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ