logo
3 мая 2026
Талғат Жайлауов: «Барлығы ойымызға байланысты»
Хоккейден әлем чемпионатының IA дивизионындағы алғашқы матчта Қазақстанның ұлттық құрамасы Литваны жеңді. Ойыннан кейін ұлттық құраманың бас бапкері журналистермен сұхбатта ойынға қатысты пікір білдірді. - Жігіттер көбіне эмоцияға байланысты голды соға алмай қиналды, барлығына сол қысым болды. Кей тұста біз жаттықтырған, пысықтаған нәрселер аздап шықпай қалды. Ойын барысында түзеттік, ал үшінші кезеңде дұрыс ойнай бастадық. - Алғашқы екі кезеңде неліктен гол салу мүмкін болмады? - Шайба бақылауда болды, көп сырғанадық, бірақ біршама бейберекет сияқты көрінді. Дегенмен, қақпа алдындағы аймақта анағұрлым агрессивті ойнау керек. Қарсылас қақпашы барлық соққыларды көріп тұрды, сондықтан кей жерлерде сәтсіздік болып, гол соға алмадық. - Жас ойыншылар да, тәжірибелі хоккейшілер де бар екенін айттыңыз. Дебютанттарды қалай бағалайсыз? - Ортадан жоғары деп айтуға болады. Олардан көбірек күткен едім, бірақ чемпионат барысында олар қосымша қарқын қосады деп сенемін. - Ертең Жапониямен ойнайсыздар, қалай дайындаласыздар? - Біріншіден – жігіттер қалыпқа келулері тиіс, себебі жапондықтар бізден ертерек ойнады. Барлығы ойымызға байланысты, бірдей дәрежедеміз. БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ