logo
12 декабря 2025
Талғат Жайлауов: «Командалардың деңгейі әртүрлі»
Бірінші арна кубогінің Беларусьпен матчында Қазақстан құрамасы 1:4 есебімен жеңіліске ұшырады. Біздің ұлттық құраманың бас бапкері өткен ойынды қорытындылады: - Әрине, қос команданың деңгейі әртүрлі, Беларусь бір бас жоғары, бүгін біз жеңілдік. Алайда жігіттер үшін бұл да тәжірибе, олардың көпшілігі – Қазақстан чемпионатының ойыншылары. - Қазақстан құрамасында Михайлис, Орехов, Панюков сияқты ҚХЛ ойыншылары болғанда деңгей біршама теңесер ме еді. Олар неліктен жете алмады? - Қазір ҚХЛ-да үзіліс және ойыншыларға чемпионаттың екінші кезеңіне дайындалу керек деген шешім қабылданды. Көптеген «барыстықтар» қазір дайындалып жатыр. Алайда қазір осында ойнап жатқан жігіттер үшін бұл үлкен тәжірибе. ФОТО: Ольга Бугаева БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ