logo
1 мая 2026
Талғат Жайлауов: «Бізде микс – тәжірибе де, жастық та бар»
Қазақстан ұлттық командасының бас бапкері Польшадағы әлем чемпионатының алдында журналистердің сұрақтарына жауап берді. - Талғат Бақытбекұлы, күні ертең әлем чемпионаты басталады. Команданың дайындығы қалай өтіп жатыр? - Жігіттердің барлығы дайындалды, дайындық жақсы өтті. Бұл турнирге сақадай саймыз. Бірге ойнайтын жігіттер көп, өзара түсіністік бар. Барлығы ойымызға, ниетімізге байланысты. - Жиындардың екінші кезеңі Минскіде өтті, онда команда екі ойын өткізді. Одан кейін Словениямен жолдастық кездесу болды. Осы ойындар жөнінде айтып берсеңіз. - Минскіде цикл өтті, Чижовкада жаттықтық, жергілікті командалармен ойнадық, жігіттерді тексердік. Әлем чемпионаты алдында үйлесімдерді, жүйемізді тексеру керек болды, себебі қарсылас элиталық дивизионда ойнайды. Тең ойын болды. - Команданың турнирге қатысатын түбегейлі құрамында тәжірибелі ойыншылар да, жас ойыншылар да бар. Оның үстіне, көбісі бір командада ойнайды. Осыған акцент қойдыңыздар ма? - Бізде микс – тәжірибе де, жастық та бар. Кейде жігіттердің бірге, құрамда, бір үштікте ойнағандары әсер етті. Көбінесе қорғаушыларға қатысты мәселелер бар, жаңа үйлесімдер болады. Барлығы кәсіби ойыншылар, сондықтан бірге ойнауға дайын. - Ертең алғашқы ойын және қарсылас – Литва. Әлем чемпионатының алғашқы матчына қалай дайындалдыңыздар? - Біз әлі қарсыласты талдамадық. Қазір жаттығу болып өтті, біз қарсыласқа, ойынға дайындалдық. Қарсыластардың барлығы жоғары деңгейлі екенін түсінеміз және біз де осал емеспіз. Әрбір ойынға ең соңғы ойын сияқты қараймыз. - Команда құрамында дебютанттар көп, ойыншылардың түбегейлі құрамы бойынша шешім қалай қабылданды? - Құрам барлық оқу-жаттығу жиындарының қорытындысы бойынша жасақталды. Біз маусым бойы, жиындар кезінде және жолдастық ойындарда барлығын бақыладық. Қазіргі таңда біреулер әлсіздеу, біреулер мықтырақ. Әрине, құрамнан көп ойыншының шығып қалғаны өкінішті. Бүгінгі құрамдағы ойыншылар – ең үздіктер. БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ