Талғат Жайлауов: «Бұл турнир – үлкен сабақ әрі соққы»

Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Жайлауов Ресеймен өткен матчтан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.
- Ресей құрамасы ойынды өте жоғары деңгейде өткізді, бізге мүлде мүмкіндік бермеді, әзірге біздің деңгейіміз жетпейді. Келмеген жігіттер болғанда, бәлкім, бәсекелестік болар ма еді, бірақ болары болды.
- Ең мықтылармен ойнағанда төселесің дейді ғой. Бірақ осындай нәтижеден кейін бұл құрамамызға қаншалықты пайда әкеледі, әлде психологияға соққысы күштірек болмай ма?
- Әрине, олар үшін бұл – соққы. Олар ішкі чемпионаттағы тұрақты ойындарда жаман ойнап жүрген жоқ, енді қиын болады. Бірақ мен бапкер ретінде оларды қолдадым, түсіндірдім. Өз клубтары үшін ойнап, қазіргі деңгейіндегі нәтижені көрсетуі керек екенін айттым. Бұл турнир – үлкен сабақ әрі ауыр соққы.
- Қарсыластарыңыз құрамында бірде-бір өзгеріс жасаған жоқ дейді. Ал сіздерде Бояркин ойнаған жоқ, бір нәрсе болды ма?
- Өздеріңіз білесіздер, ол бір жыл бойы жарақатынан кейін қалпына келумен айналысты. Беларуське қарсы ойнады, содан кейін өзін жайсыз сезініп, келесі күні бізге бұл туралы хабарлады.
- Бұл құрамнан көктемгі әлем чемпионатына қанша адам бара алады?
- Пайыздық көрсеткіш» өте аз болады, құрамадағылардың басым бөлігі «Барыс» командасында ойнайды, сондай-ақ ҚХЛ-дың басқа клубтарында да бар. Сонымен қатар, Солтүстік Америкада ойнайтын, жастар құрамасында өнер көрсеткен жігіттеріміз де бар. Бәрін бақылап, шақырып отырамыз. Бірақ менің ойымша, осы турнирден баратындар саны аз болады.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ