Өскеменде хоккейден юниор қыздар құрамасының оқу-жаттығу жиындарының екінші кезеңі аяқталды. Қыздар қаңтардағы әлем чемпионатында өнер көрсетуге дайындалып жатыр (А тобы, екінші дивизион). Бас бапкер Мария Федоренко «Торпедо» ХК баспасөз қызметіне берген сұхбатында жиынды қорытындылады:
- Екінші кезеңге жазда бірінші жиынға шақырылған үміткерлер шақырылды. Звенолардың белгілі бір топтары жасақталды, кемі дегенде үш звено бар. Әлем чемпионатына ұшар алдында жиындардың үшінші кезеңі өтеді. Мұнда мұз үстінде техникалық-тактикалық жаттығуларға, командалық өзара іс-қимылдарға, звенолардың жұмысына баса мән бердік. «Торпедо» қыздар командасының ойыншыларымен, «Торпедо» жасөспірімдерімен бірнеше жолдастық матч өткіздік. Аяқ алысымыз жаман емес, міндет – медаль алу.
- «Торпедо-2011» командасына қарсы матчтар қалай өтті?
- Біз 3:6 есебімен жеңілдік, алайда матч айтарлықтай қарқынды болды, көптеген сәттерді жүзеге асыра алмадық. Сол себепті де жеңілдік.
- Жиын барысына қатысты нені атап айтар едіңіз?
- Команданы жұмылдыра алатын, гол сала алатын ойыншылар бар. Ол жақта психологиялық тұрғыдан барлығы дайын болып, біз матчтарды жақсы өткіземіз деп үміттенемін.
- Құрамада дебютанттар көп бола ма?
- Ойыншылардың көпшілігі халықаралық аренада ойнаған, мұндай деңгейдегі турнирде алғаш рет өнер көрсететін екі-үш жаңа ойыншы бар.
- Үшінші кезең туралы айтып берсеңіз.
- Алда әлем чемпионатына дайындықтың үшінші кезеңі. Онда негізгі құрам болады. Ұшар алдында тактикалық жаттығулар мен жолдастық матчтарды өткіземіз де, Латвияға бет аламыз.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ