logo
13 января 2023
U14 және U15 құрамаларының ОЖЖ басталды

Астанада U14 және U15 құрама командаларының алғашқы байқау оқу-жаттығу жиындары басталды.

               Барлығы 90 қазақстандық хоккейші шақырылды: U15 құрамасына 46 спортшы және U14 құрамасына 44 спортшы. Әрбір жас санаты екі бөлек топқа бөлінген. Жиындарға Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарының өкілдері қатысуда.

               Алғашқы екі күндік бағдарлама мұздағы және «құрғақ» оқу-жаттығу жиындарынан тұрады. Соңғы күні барлық командалар өзара, сондай-ақ «Барыс-2008» және «Барыс-2009» командаларымен жолдастық матчтар өткізеді. Оқу-жаттығу жиынының барысын отандық мамандар қатарынан білікті тәуелсіз бапкерлер бақылайтын болады. ОЖЖ қорытындысы бойынша елдің құрама командаларына іріктелетін үміткер ойыншылардың кеңейтілген құрамы анықталады.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ