logo
18 апреля 2025
Қазақстан ұлттық құрамасының Даниядағы әлем чемпионаты алдындағы ОЖЖ басталды

Бүгін 18 сәуір күні хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының ОЖЖ басталды. Команда жиынды «Барыс Аренада» өткізеді. 1 және 3 мамыр аралығында үйдегі 1XBET Qazaqstan Hockey Open турнирінде Ресей және Беларусь құрамаларына қарсы ойнайды. 5 мамыр күні команда Швецияға аттанып, онда 6 мамыр күні Словения командасымен бақылау матчын өткізеді. 7 мамыр күні біздің құрама Данияға жетіп, 10 мамырда әлем чемпионаты аясындағы алғашқы матчын Норвегияға қарсы ойнайды.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ