SAMRUK BALA CUP матчтары басталды

Астанада ауылдық балалар-жасөспірімдер командалары арасындағы SAMRUK BALA CUP республикалық турнирінің матчтары басталды. Бүгін ашылу салтанаты болып өтті. Бұл Қазақстан аймақтарының ауылдық командалары арасында жоспарланған ірі хоккей жарыстарының үшінші турнирі.
Турнирге Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Атырау, Ақтөбе облыстарынан, сондай-ақ Астана және Алматы өңірлерінен 24 команда қатысады. Елордада 300-ге жуық бала, оның ішінде Ақкөл балалар үйінің тәрбиеленушілері де бар.
Күн бұрын ауылдық қатысушы-командалардың жаттықтырушылары үшін Jas Nomad республикалық хоккейшілерді даярлау бағдарламасы бойынша семинар өтті.
Турнир жеңімпаздары, жүлдегерлері мен үздік ойыншылар 31 наурыз күні анықталады, 15:30-да марапаттау және жабылу салтанаты өтеді.
1 сәуір күні турнир қатысушылары Jas Ligasy-ның «Барыс» және «Жас Батыр» командалары арасындағы финалдық матчын тамашалайды деп жоспарланып отыр.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ