logo
2 ноября 2023
Қыздар арасындағы республикалық турнир матчтары басталды

Алматыда жасы кіші (U8-U11) және үлкен (U11-U14) қыздар арасындағы хоккейден республикалық турнир басталды.

Биылғы маусымда Қазақстан қыздар хоккейінің тарихында алғаш рет қыздар командалары жас санаттарына бөлінді. Бұған командалар санының артуы және қыздар хоккейі географиясының кеңеюі ықпал етті.

Жасы кіші қыздар арасында жарыстар жеке статистика мен есеп ескерілместен Cross-Ice форматында өтеді. Маусымда жекелеген үш тур өткізіледі. Барлық қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталады.

Жасы үлкен қыздар арасындағы жарыстар ойыншылардың жеке статистикасы ескерілместен, алайда командалық статистикамен тұтас алаңда өтеді. Осылайша, үш турдың қорытындысы бойынша турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталып, кубоктермен және медальдармен марапатталады.

Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасының бас менеджері Виктория Сазонова:

«Өткен маусымда-ақ біз қыздарға арналған жарыстарды 8-ден 13 жасқа дейінгі форматта өткіздік. Қатысушылар саны жетпегендіктен біз жас санаттарын бөле алмай, жас бойынша осындай алшақтық болатын.

Осы маусымнан бастап жас санаттары мен командалар Cross-Ice жарыстарын 8-ден 11-ге дейінгі қыздар үшін бөлек өткізе алатындай жасақталды. 11-ден 14-ке дейінгі қыздар үшін біз жүлделі орындар үшін тартысатын өзіндік «юниорлар лигасын» іске қостық.

Мұны алға жасалған үлкен қадам деп санаймын. Себебі қазіргі таңда Cross-Ice форматында 5 команда бар, сонымен қатар қыздар «юниорлар лигасында» 5 команда бар. Бұл мен үшін де, тұтас Қазақстан қыздар хоккейі үшін де үлкен қуаныш! Бәсеке туғызатын жарыстар қыздарымызға өте-мөте қажет. Себебі қыздар хоккейі Қазақстанның барлық қалаларында дамып жатыр.

Осының барлығына қарап отырып, мен біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды түсінемін. Әрі қарай тек алға басамыз! Детальді түрде ұйымдастырумен айналысамыз, ал әзірге бірінші тур! Тарихымызда алғаш рет!».

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ