6 және 9 қараша аралығында Алматы өз тарихында алғаш рет өткелі отырған хоккейден Азия чемпионатын қабылдайды. Қазақстан құрамасының қарсыластары Жапония, Қытай және Корея болмақ. Барлық матчтар Halyk Arena-да өтеді. Алдағы турнирге БАҚ-ты аккредиттеу басталды, өңірлік және республикалық басылымдар мен телеарналардан, сондай-ақ блогерлерден өтінімдер қарастырылуда.
Өтінімді сілтеме арқылы нысанды толтырып жіберуге болады – АККРЕДИТАЦИЯ
Өтінімдер 2024 жылғы 4 қарашадағы сағат 16:00-ге дейін қабылданады.
Матчтардың кестесімен сілтеме арқылы танысуға болады – КЕСТЕ
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ