2024 жылдың 26 желтоқсаны мен 2025 жылдың 5 қаңтары аралығында Канада астанасы – Оттавада хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Араға төрт жыл салып, Қазақстан құрамасы топ-дивизионға оралды және топтық кезеңде Швеция, Чехия, Швейцария және Словакия командаларымен ойнайды. А тобында Канада, АҚШ, Финляндия, Латвия және Германия өнер көрсетеді. Өз топтарында соңғы орындар иеленген қос команда өзара матч ойнап, жеңілген команда чемпионатпен қоштасады.
Халықаралық хоккей федерациясының сайтында турнирге журналистерді аккредиттеу басталды, аккредиттеу 2024 жылғы 15 қарашада Астана уақытымен 14:59-да аяқталады. Өтінімдер республикалық баспа және онлайн басылымдаран, сондай-ақ мамандандырылған спорт басылымдарынан қабылданады.
Толығырақ ақпарат пен қатысуға өтінімді сілтеме бойынша таба аласыздар – АККРЕДИТАЦИЯ.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ