logo
8 декабря 2023
2024 жылғы Әлем чемпионатына аккредиттеу басталды

Хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатының матчтарына аккредиттеу басталды. Турнир Чехияда өтеді. Қазақстан құрамасы В тобында өнер көрсетеді. Турнирдегі біздің команданың қарсыластары Латвия, Франция, Германия, Словакия, Польша, Швеция және АҚШ құрамалары болмақ. В тобының матчтары 2024 жылдың 10 және 21 мамыры аралығында Остравта өтеді.

Аккредиттеуге өтінімдер 2024 жылдың 31 қаңтарына дейін IIHF.COM сайтында Аккредиттеу сілтемесі бойынша қабылданады.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры


 


БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ