logo
25 апреля 2022
Cтанислав Александров: «Команда құрамына кездейсоқ қосылмағанымды дәлелдеу қажет»

«Номадтың» шабуылшысы Станислав Александров - Қазақстан құрамасының кеңейтілген құрамына кіргендердің бірі және әлем чемпионатына дайындық үстінде. Тұрақты чемпионатта «көшпенділердің» ойыншысы 36 кездесу өткізді. Шабуылшы активінде 18 (9+9) ұпай бар.

Плей-офф кезеңінде Станислав Александров 11 ойын өткізіп, 7 (5+2) ұпай жинады.

- Станислав, «Номад» Қазақстан чемпионатының медальдары үшін күрестен шығып қалғаннан кейін немен айналыстың?

- Ойыннан кейін бізге Қазақстан құрамасының кеңейтілген құрамы бар тізімді жіберді, онда менің есімім болды. Сондықтан бірнеше күн демалып, әрі қарай жаттыға бердім.

- Сен плей-офф кезеңінде 7 ұпай жинадың ( 5+2), бұл тамаша көрсеткіш, қалайша осындай нәтижеге қол жеткіздің?

- Хоккей - командалық ойын ғой, егер жекеше ойнайтын болсаң, қолдан көп нәрсе келмес. Мен мұндай нәтижеге командаластарымның көмегімен қол жеткіздім, сол үшін оларға рақмет.

- «Номадтың» маусымдағы және плей-офф кезеңіндегі өнер көрсетуін қалай бағалайсың?

 

- Әрине, бұл біз қол жеткізгіміз келген нәтиже емес, бүкіл команда финалға шығу үшін таласқан еді. Бірақ, өкінішке орай, біз мұны жасай алмадық.

- Команда 4-орынға тұрақтады, финалға шығу үшін не жетіспеді деп ойлайсыз?

- Біз ойындарға бар күшімізді салдық, бірақ командаға екі жеңіс, ойын тәртібі және жас жігіттерге плей-офф ойындарында өнер көрсетудің тәжірибесі жетіспеді. Физикалық тұрғыдан біз бірде-бір қарсыласымыздан кем түспедік, жиі жағдайда тіпті асып түстік десе де болады.

- Қазір Қазақстан құрамасының кеңейтілген құрамындасың, қалай ойлайсың, осыған ненің есебінен қол жеткізе алдын?

- Плей-оффта көрсеткен өнер есебінен деп ойлаймын.

- Сен түрлі турнирлерде Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы үшін ойнадың, қандай естеліктер қалды?

- Елдің кез келген құрамасы, жастар не жасөспірімдер құрамасы болсын, бұл мүлдем басқа деңгей ғой. 2020 жылы Чехияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатынан тамаша естеліктер қалды. Бұл, әрине, ұмытылмас сәт болды. Командалардың жоғары деңгейі және чемпионаттың тамаша ұйымдастырылуы.

- Қазір ересектер құрама командасының негізгі құрамына кіру мүмкіндігі бар, құрама үшін тұрақты түрде ойнап тұру үшін не қажет?

- Қазір жаттығулар кезінде құрамда кездейсоқ емес екенінді дәлелдеу қажет, қолынан не келетінің көрсетіп қалу керек.

- Қазақстан құрамасында жаттығулар қалай өтіп жатыр, немен айналысып жатырсыз?

- Қазір біз бірінші жаттығу циклынан өттік, негізінен техниканы жақсарту бойынша жұмыс істедік.

- Жаттықтырушылар сіздерге қандай да бір тапсырмалар қоя ма?

- Әзірге нақты тапсырмалар қойған жоқ. Біз жаттығулардың осы кезеңінде не көрсете алатынымызды бақылауда.

- Құрама командада «Номадтан» бірнеше адам бар, бұл жаттығуларда көмектеседі ме, бір-біріңізді қолдайсыздар ма?

- Иә, әрине. Біз әрқашан бір-бірімізді қолдаймыз және кейбір сәттерде тапсырманы қалай дұрыс орындау керектігін айтып тұрамыз.

hcbarys.kz

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі - Sport Qory спортты қолдау қоры

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ