Алматыда өтетін Азия чемпионаты матчтарының кестесі белгілі болды
2024 жылдың 6 және 9 қарашасы аралығында Алматыда шайбалы хоккейден алғашқы Азия чемпионаты өтеді. Турнирге Қазақстан, Жапония, Қытай және Корея құрамалары қатысады. Матчтар Halyk Arena-да өтеді, біздің ұлттық құрама алғаш рет Алматыда өнер көрсетеді. Ойындар айналымдық жүйемен өтеді, жеңімпаз турнир кестесінің қорытындысы бойынша анықталады.
Турнир матчтарының кестесі белгілі болды:
2024 жылғы 6 қараша, 16:00 – Жапония – Қытай
2024 жылғы 6 қараша, 19:30 – Корея – Қазақстан
2024 жылғы 8 қараша, 16:00 – Жапония – Корея
2024 жылғы 8 қараша, 19:30 – Қазақстан – Қытай
2024 жылғы 9 қараша, 16:00 – Қытай – Корея
2024 жылғы 9 қараша, 19:30 – Қазақстан – Жапония
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ