Қыздар командалары арасындағы Азия чемпионаты 31 қазан мен 3 қараша аралығында Пекинде өтеді. Қазақстан құрамасының қарсыластары Қытай, Корея және Жапония командалары болмақ. Турнир басталардың алдында қысқамерзімді жиын, сонымен қатар 27 қазанда жарыс иелерімен жолдастық матч өткізу жоспарланып отыр.
Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы матчтарының кестесі:
31.10.2024, 16:30 – Қытай - Қазақстан
01.11.2024, 13:00, Жапония – Қазақстан
02.11.2024, 13:00 – Қазақстан – Корея
Айтып өтетін жайт, қыздар командалары арасындағы азиялық турнирде бәсеке жоғары болады деп күтілуде, себебі Жапония әлем чемпионатының топ-дивизионында, Қытай құрамасы бірінші дивизионның А тобында, ал Корея Қазақстан сияқты бірінші дивизионның Б тобында ойнайды.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ