logo
8 сентября 2022
«Мықтылар» тобындағы ҚРЧ І турының матчтары өтетін күндер белгілі болды

Шайбалы хоккейден 2022-2023 жылғы жаңа маусымның «Мықтылар» тобының жасөспірімдер командалары арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының I туры өтетін күндер бекітілді.

Алғашқы жарыстар Нұр-Сұлтанда 2008 жылы туылған жасөспірімдер (U-14) арасында өтеді. Турды №10 МБЖСМ «Барыс» СК-да 13 және 17 қыркүйек аралығында қабылдайды. 6 команда қатысады: «Барыс», №10 МБЖСМ, «Юность», «Торпедо», «Номад» және «Ertis». Матчтар кестесімен сілтеме бойынша танысуға болады - https://icehockey.kz/ru/calendar/

Одан кейін 23 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Өскеменде 2009 ж.т. жасөспірімдер (U-13) ойынды бастайды. Қатысушылар: «Барыс», «Юность-1», «Торпедо», №10 МБЖСМ, «Номад», «СКА-Стрижи», «Ertis», «Юность-2», ПСО.

26 және 30 қыркүйек аралығында ең үлкен жас санаты – U-16-ның бірінші тур матчтары өтеді. Турнир кестесіндегі орын үшін 5 команда тартысады: «Юность», №10-1 МБЖСМ, №10-2 МБЖСМ, «Ertis» және өзбекстандық «Tashkent Selects».

7 және 11 қазан аралығында Өскемен U-12 жас санатындағы жарыстарды қабылдайды. 7 ұжым өнер көрсетеді: «Барыс-1», «Торпедо», «Юность», «СКА-Стрижи», «Барыс-2», №10 МБЖСМ, «Юность-Металлург».

9 және 13 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтанда «Номад» U-15 жас санатын қабылдайды. Қатысушылар: «Барыс», «Торпедо», «Юность», №10 МБЖСМ, «СКА-Стрижи», «Номад».

16 және 20 қазан аралығында Өскеменде 2011 ж.т. жасөспірімдер (U-11) тартысты бастайды. «Мықтылар» арасындағы ең көп команда саны осы санатта, барлығы 10: №10 МБЖСМ, «Юность», «Барыс-1», «Торпедо», «Ertis», «СКА-Динамо Алматы», №10-2 МБЖСМ, «Юность-2», «Барыс-2», «Скиф».

Күнтізбені, нәтижелер мен турнир кестесін сайтымыздың Балалар хоккейі бөлімінен көре аласыздар.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ