logo
Латвияда өтетін ОЖЖ-ға қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды

Үшінші мамыр күні хоккейден Қазақстан құрамасы Ригаға аттанып, онда хоккейден әлем чемпионатына жиындардың екінші кезеңін өткізеді. Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы жол жүретін құрамды анықтады. Еске сала кетейік, Никита Бояркин Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңінде жарақат алып, әлемдік біріншілікке қатыса алмайды. Оның орнына командаға Денис Каратаев шақырылды. 

Қақпашылар: Андрей Шутов («Барыс»), Сергей Кудрявцев («Южный Урал», Орск қ.), Илья Румянцев («Арлан»), Денис Каратаев («Сарыарқа»)

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Валерий Орехов, Егор Шалапов (барлығы — «Барыс»), Джесси Блэкер («Автомобилист»), Даррен Диц (ЦСКА), Леонид Метальников («Адмирал»), Эмиль Нургалиев («Сарыарқа»), Виктор Сведберг («Авангард»), Иван Степаненко («Бейбарыс»)

Шабуылшылар: Павел Акользин («Металлург»), Алихан Асетов,  Дмитрий Гурков, Никита Михайлис, Егор Петухов, Кирилл Савицкий, Антон Сагадеев,  Аркадий Шестаков (барлығы — «Барыс»), Кертис Волк («Автомобилист»), Максим Мухаметов («Номад»), Дмитрий Гренц («Торпедо»), Саян Данияр, Михаил Рахманов (екеуі де — «Сарыарқа»), Батырлан Муратов («Rovaniemen Kiekko», Финляндия), Кирилл Панюков («Ак Барс»), Евгений Рымарев («Югра», Ханты-Мансийск қаласы), Роман Старченко (НСА), Дмитрий Шевченко («Авангард»).

Бас менеджер - Александр Корешков

Бапкерлер штабы: 

Бас бапкер - Юрий Михайлис

Бапкер - Андрей Шаянов

Бапкер - Максим Семёнов 

Қақпашылар бойынша бапкер - Александр Шимин

Дене дайындығы бойынша бапкер - Владислав Занковец

Видео-бапкер - Сергей Тамбулов

Әлем чемпионатының соңғы өтініміне 25 хоккейші – 22 алаң ойыншысы мен үш қақпашы кіреді.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ