logo
Қазақстан құрамасының 2022 жылғы әлем чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды

Оныншы мамыр күні Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатының А тобындағы матчтары өтетін Хельсинкиге келіп жетті. Ригадағы бақылау матчтары барысында Евгений Рымарев пен Иван Степаненко жарақат алды. Өзгерістерге сәйкес бапкерлер штабы алдағы біріншіліктің қорытынды құрамын жария етті. Қорытынды тізімге 25 хоккейші – 3 қақпашы мен 22 алаң ойыншысы енді.

Қазақстан құрамасының құрамы:

Қақпашылар: Андрей Шутов («Барыс»), Сергей Кудрявцев («Южный Урал», Орск қаласы), Илья Румянцев («Арлан»)

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Валерий Орехов, Егор Шалапов (барлығы — «Барыс»), Джесси Блэкер («Автомобилист»), Даррен Диц (ЦСКА), Леонид Метальников («Адмирал»), Виктор Сведберг («Авангард»)

Шабуылшылар: Павел Акользин («Металлург»), Әлихан Әсетов,  Дмитрий Гурков, Никита Михайлис, Егор Петухов, Кирилл Савицкий, Антон Сагадеев,  Аркадий Шестаков (барлығы — «Барыс»), Кертис Волк («Автомобилист»), Саян Данияр, Михаил Рахманов (екеуі де — «Сарыарқа»), Кирилл Панюков («Ак Барс»), Роман Старченко (НСА), Дмитрий Шевченко («Авангард»).

Бас менеджер - Александр Корешков

Бапкерлер штабы: 

Бас бапкер - Юрий Михайлис

Бапкер - Андрей Шаянов

Бапкер - Максим Семёнов 

Қақпашылар бойынша бапкер - Александр Шимин

Дене дайындығы бойынша бапкер - Владислав Занковец

Видео-бапкер - Сергей Тамбулов

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ