logo
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының әлем чемпионатына қатысатын кеңейтілген құрамы белгілі болды

2022 жылдың 11 мен 17 сәуірі аралығында словакиялық Пьештяниде бірінші дивизионның А тобындағы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Алдағы біріншілікке дайындалу үшін жігіттер 4 сәуір күні Словакияға аттанып, онда жиынды жалғастырады және екі бақылау матчын өткізеді. Кеңейтілген құрамға 28 хоккейші кірді:

Голкиперлер: Владимир Никитин, Дармен Габдуллин, Артем Шестаков (барлығы – «Барыс»)

Қорғаушылар: Артем Авдеенко, Дмитрий Бреус, Владислав Зизевских, Никита Селезнев, Семен Роев, Аслан Жусупбеков (барлығы – «Барыс»), Кирилл Хан («Торпедо», Өскемен), Игорь Пономарев («Қыран», Қарағанды).

Шабуылшылар: Роман Ермак, Алдияр Нурлан, Руслан Оспанов, Даниил Свинтальский, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Асанали Русланулы, Семен Симонов, Илья Шапоров, Адиль Бейсембаев, Темирлан Китаров, Артур Гросс, Денис Леута, Александр Фокин, Владимир Корчагин, Матвей Яковенко (барлығы – «Барыс»), Даниил Якубджанов («Торпедо», Өскемен)

Бас бапкер: Сергей Старыгин

Турнирдің негізгі тізіміне 23 хоккейші – 3 қақпашы және 20 ойыншы кіреді.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі - Sport Qory спортты қолдау қоры

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ