logo
22 января 2023
Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасының әлем чемпионатындағы құрамы

Өскеменде хоккейден Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасының ОЖЖ аяқталды. Бұл жиындарға негізгі құрамға кіретін хоккейшілер шақырылды. 26 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Болгарияның София қаласында екінші дивизионның В тобындағы 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. А тобына жолдама алу үшін біздің қыздар Исландия, Жаңа Зеландия, Болгария, Бельгия және Эстония командаларымен бәсекелеседі. 23 қаңтар күні қазақстандық қыздар Болгарияға аттанып, сонда біріншілікке дайындықты жалғастырады.

Бапкерлер штабы алдағы біріншіліктің негізгі құрамын анықтады, негізгі өтінімге 21 ойыншы – үш қақпашы мен 18 алаң ойыншысы кірді:

Қақпашылар: Вероника Агеева («Торпедо», Өскемен), Арина Павловская («Ақтөбе», Ақтөбе) Кира Прицкер («Жұлдыз», Алматы)

Қорғаушылар: Амина Маратханкызы, Вероника Халикова (екеуі де - «Жұлдыз», Алматы), Катрин Мескини, Полина Яковлева, Дарья Хохлова (барлығы – «Торпедо», Өскемен), Медина Кишекеева («Ақтөбе», Ақтөбе), Нұрайым Серікқызы («Астана», Астана)

Шабуылшылар: Кристина Войцицкая, Кира Крухольская (екеуі де - «ПСО», Екібастұз), Алина Жакулина, Анна Климова (екеуі де – «Юность-Грация», Қарағанды), Алина Животовская, Мадианна Нусупова, София Раковская, Шолпан Токкожа, Анастасия Филимонова (барлығы – «Жұлдыз», Алматы), София Зубкова («Ястребы», Сәтбаев), Ветта Пивень («Торпедо», Өскемен)

Бапкерлер штабы:

Бас бапкер – Мария Федоренко

Бапкер – Наталья Яковчук

Қақпашылар бапкері - Дарья Дмитриева

Бас менеджер – Виктория Сазонова

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ