logo
8 декабря 2024
Қазақстан қыздар құрамасының Олимпиадалық біліктілікке қатысатын құрамы

Олимпиадалық біліктіліктің үшінші раундына қатысатын Қазақстан қыздар құрамасының құрамы белгілі болды. 6 және 10 желтоқсан аралығында Берг қаласында (Австрия) команда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Турнир 12 және 15 желтоқсан аралығында Пьештяни қаласында (Словакия) өтеді. Келесі кезеңге жолдама алу үшін біздің құрама Словакия, Словения және Исландия құрамаларымен кездеседі. Құрамаға 22 ойыншы, 19 алаң ойыншысы мен 3 қақпашы кірді:

Қақпашылар: Полина Говтва («Торпедо», Өскемен), Арина Щеколова («Томирис», Астана)

Қорғаушылар: Юлия Буторина, Александра Воронова, Дария Молдабай («Томирис», Астана), Катрин Мескини, Полина Яковлева («Торпедо», Өскемен), Анна Пяткова, Ажар Хамимульдинова («Айсұлу», Алматы)

Шабуылшылар: Малика Алдабергенова, Пернеш Ашимова, Алина Иванченко, Татьяна Королева, Лариса Свиридова, Мадина Тұрсынова, («Айсұлу», Алматы), Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова, Александра Шегай («Томирис», Астана), София Зубкова, Дильназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы («Торпедо», Өскемен)

Бапкерлер штабы:

Бас бапкер – Александр Тебеньков

Бапкер – Жасулан Оразбаев

Қақпашылар бапкері – Дарья Дмитриева

Бас менеджер – Виктория Сазонова

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ