15 және 21 қаңтар аралығында Нидерландының Херенвенінде ІІА дивизионындағы хоккейден жасөспірім қыздар әлем чемпионаты өтеді. Турнир аясында біздің қыздар Ұлыбритания, Түркия, қытай, Латвия және Нидерланд командаларымен ойнайды. Бапкерлер штабы алдағы турнирге түбегейлі құрамды ұсынды, өтінімге 20 ойыншы – 18 алаң ойыншысы мен 2 қақпашы енді:
Қақпашылар: Вероника Агеева («Торпедо», Өскемен), Арина Павловская («Ақтөбе-2009»/«Жұлдыз», Алматы)
Қорғаушылар: Эвелина Емцева, Вероника Халикова (екеуі де – «Жұлдыз», Алматы), Медина Кишекеева («Ақтөбе-2008»/«Жұлдыз»), Ульяна Куклина, Нурайым Серікқызы, Дарья Хохлова, Полина Яковлева (барлығы – «Торпедо»).
Шабуылшылар: Малика Жунусова, София Зубкова, Кира Крухольская, Ветта Пивень, Златоцвета Феоктистова (барлығы – «Торпедо», Өскемен), Регина Какаулина, София Раковская, Шолпан Токкожа, Анастасия Филимонова (барлығы – «Жұлдыз», Алматы), Анна Климова, Рената Лившиц (екеуі де – «Юность-Грация, Қарағанды).
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ