logo
6 января 2023
Универсиада-2023-ке қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы
12 және 22 қаңтар аралығында АҚШ-тың Лэйк-Плэсидінде XXX Дүниежүзілік қысқы универсиада өтеді. Хоккей турниріне Қазақстан құрамасы қатысады. 8 қаңтар күні ойыншылар алғашқы дайындықты өткізіп, 9 қаңтар күні Америкаға аттанады. Онда 13 қаңтар күні Кореяға қарсы алғашқы матчын өткізеді. Назарларыңызға алдағы жарыстарға қатысатын студенттік құраманы ұсынамыз. Өтінімге 22 хоккейші – 19 алаң ойыншысы мен 3 қақпашы кірді:
Қақпашылар: Роман Калмыков, Андрей Шутов (екеуі де - «Номад»), Денис Каратаев («Сарыарқа»)
Қорғаушылар: Данил Бутенко, Мади Диханбек, Артем Королев, Кирилл Никитин, Абылайхан Сулейменов (барлығы – «Номад»), Иван Гавриленко («Сарыарқа»), Кирилл Полохов («Арлан»)
Шабуылшылар: Станислав Александров, Олег Бойко, Али Касенов, Всеволод Логвин, Абай Мангисбаев, Батырлан Муратов, Максим Мухаметов, Алдияр Нурлан, Алихан Омирбеков (барлығы – «Номад»), Саян Данияр, Руслан Демин («Сарыарқа»), Максим Мусоров («Химик», ЖХЛ)
Бас бапкер: Ғалым Мамбеталиев
Бапкер: Александр Высоцкий
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ