logo
10 мая 2023
Қазақстан құрамасының Ригаға аттанатын құрамы

Кеше хоккейден Қазақстан құрамасы Ригаға жетті. Онда 12 мамыр күні «В» тобындағы хоккейден әлем чемпионатының матчтары басталады. Бірінші матчты біздің хоккейшілер 13 мамыр күні Норвегия командасына қарсы өткізеді. Соңғы өтінімге 25 хоккейші – 22 алаң ойыншысы мен 3 қақпашы енеді. Сапарға кеңейтілген құрам – 28 ойыншы аттанды:

Қақпашылар: Никита Бояркин, Андрей Шутов, Максим Павленко

Қорғаушылар: Адиль Бекетаев, Самат Данияр, Тамирлан Гайтамиров, Дмитрий Бреус, Данил Бутенко, Мади Диханбек, Артем Королев, Кирилл Полохов, Валерий Орехов

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Дінмұхамед Қайыржан, Никита Михайлис, Батырлан Мұратов, Михаил Рахманов, Кирилл Савицкий, Аңсар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков, Абай Маңғысбаев, Максим Мухаметов, Әлихан Өмірбеков, Андрей Буяльский, Дмитрий Гренц, Максим Мусоров, Роман Старченко, Евгений Рымарев.

Бас бапкер — Ғалым Мәмбеталиев

Бапкер — Александр Высоцкий

Бапкер — Ерлан Сағымбаев

Қақпашылар бапкері — Александр Шимин

Бапкер — Александр Березенский

Бас менеджер — Глеб Каратаев

 

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ