Қазақстан құрамасы Астанадағы Олимпиадалық іріктеудің финалдық раундына дайындықтың екінші кезеңін аяқтады және күні ертең Чехияға аттанып, сонда жиындарды жалғастырады. Ұлттық команданың бапкерлер штабы турнирге келесі құрамды анықтады:
Қақпашылар: Никита Бояркин («Барыс»), Максим Павленко («Рязань-ВДВ»), Андрей Шутов («Слован»)
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Тамирлан Гайтамиров, Самат Данияр (барлығы – «Барыс»), Дмитрий Бреус («Торпедо»), Леонид Метальников («Адмирал»), Эдуард Михайлов («Арлан»), Валерий Орехов («Металлург»), Иван Степаненко («Хумо»)
Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Александр Борисевич, Дінмұхамед Қайыржан, Максим Мухаметов, Руслан Оспанов, Михаил Рахманов, Кирилл Савицкий, Роман Старченко (барлығы – «Барыс»), Руслан Демин («Сарыарқа»), Артем Лихотников («Хумо»), Кирилл Панюков («Амур»), Евгений Рымарев («Юнисон»), Аркадий Шестаков («Адмирал»)
Бапкерлер штабы:
Бас бапкер – Олег Болякин
Бапкерлер: Георгий Верещагин, Талғат Жайлауов, Павел Бессонов
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ