logo
Қазақстан құрамасының Германиямен ойнайтын құрамы

Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатындағы өзінің алтыншы матчын Германияға қарсы ойнайды. Қарсылас Словакияға, Данияға, Франция мен Италияға қарсы ойындарда төрт рет жеңіске жеткен. Және Канададан ғана жеңілді. Оның үстіне, немістер соңғы матчты бір күн бұрын Қазақстан демалып жатқан кезде өткізіп, Италияны жеңді. Командалар соңғы рет бір жыл бұрын Ригада кездескен, ол кезде 3:2 есебімен біздің хоккейшілер жеңіске жеткен болатын.

Бапкерлер штабы ойынға келесі құрамды ұсынды:

Шутов (Кудрявцев)

Орехов – Блэкер, Старченко (К) – Сагадеев – Акользин

Метальников - Диц, Савицкий – Волк (А) – Михайлис (А)

Шалапов - Бекетаев, Шевченко – Шестаков – Панюков

Рахманов, Данияр См., Әсетов – Гурков – Петухов

Бас бапкер: Юрий Михайлис

Матч Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19:20-да басталады. Қазақстан – Германия матчын тікелей эфирде QAZSPORT телеарнасы көрсетеді.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

 

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ