Қазақстан құрамасы ҚР Президенті кубогіне дайындыққа кірісті, бүгін мұздағы алғашқы жаттығу өтті. Бапкерлер штабы турнирге келесідей құрамды ұсынды:
Қақпашылар: Никита Бояркин, Владимир Никитин (екеуі де – «Барыс»), Максим Павленко («Рязань ВДВ»)
Қорғаушылар: Адиль Бекетаев, Данил Бутенко, Тамирлан Гайтамиров, Самат Данияр, Артем Королев (барлығы – «Барыс»), Дмитрий Бреус («Торпедо»), Эдуард Михайлов («Арлан») Кирилл Никитин, Кирилл Полохов (екеуі де – «Номад»)
Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Андрей Буяльский, Александр Борисевич, Батырлан Муратов, Максим Мухаметов, Руслан Оспанов, Михаил Рахманов, Кирилл Савицкий, Роман Старченко, Аңсар Шайхмедденов (барлығы – «Барыс»), Руслан Демин, Евгений Королинский (екеуі де – «Сарыарқа»), Кирилл Панюков («Амур»).
ҚР Президентінің кубогі 14 және 18 тамыз аралығында «Барыс Аренада» өтеді, біздің құраманың қарсыластары ҚХЛ командалары – «Барыс», «Амур» және «Лада» болмақ.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ