logo
17 ноября 2025
Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Азия чемпионатындағы құрамы
Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Азия чемпионатында ойнайтын құрамы белгілі болды. Турнир 20 және 23 қараша аралығында Қытайда өтеді. Негізгі өтінімде 23 хоккейші – 20 алаң ойыншысы және үш қақпашы: Қақпашылар: Роман Калмыков («Номад»), Антон Осокин («Құлагер»), Владислав Пестов («Торпедо»); Шабуылшылар: Олег Бойко, Артур Гатиятов, Диас Гусейнов, Саян Данияр, Александр Мигунов (барлығы - «Номад»), Александр Борисевич, Артем Лихотников (екеуі де - «Сарыарқа»), Максим Мусоров («Торпедо»), Роман Старченко, Кирилл Ляпунов, Батырлан Мұратов (барлығы - «Барыс»), Денис Чапоров («Арлан»); Қорғаушылар: Степан Александров, Владимир Гребенщиков (екеуі де – «Торпедо»), Данил Бутенко, Мади Диханбек, Кирилл Никитин (барлығы – «Номад»), Эдуард Михайлов, Иван Степаненко (екеуі – «Сарыарқа»), Бейбарыс Оразов («Барыс»). Бапкерлер штабы: Бас бапкер – Талғат Жайлауов Бапкерлер: Константин Пушкарев, Андрей Корабейников Қақпашылар бапкері – Александр Кудрявцев ЖДД бапкері – Сергей Левданский Бас менеджер – Олег Болякин ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ