logo
26 апреля 2026
Қазақстан ұлттық құрамасының Польшадағы оқу-жаттығу жиынының соңғы кезеңіне арналған құрамы
Қазақстан ұлттық құрамасы IА дивизионындағы әлем чемпионатына дайындықты Польшада жалғастырады. Онда біздің команда Словения құрамасына қарсы жолдастық матч өткізеді. Алдағы оқу-жаттығу жиынына бапкерлер штабы төмендегі құрамды ұсынды. Қақпашылар: Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі де – «Барыс», ҚХЛ), Владислав Нурек («Горняк», Рудный). Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дмитрий Бреус, Самат Данияр (барлығы – «Барыс», ҚХЛ), Тамирлан Гайтамиров, Артём Королёв, Бейбарыс Оразов, Кирилл Никитин (барлығы – «Номад», Астана), Фёдор Хорошев («Торпедо», Өскемен), Эдуард Михайлов («Сарыарқа», Қарағанды). Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Алихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Семён Симонов, Аңсар Шайхмедденов (барлығы – «Барыс», ҚХЛ), Артур Ғатиятов, Кирилл Ляпунов, Батырлан Мұратов, Роман Старченко (барлығы – «Номад», Астана), Аркадий Шестаков («Адмирал», ҚХЛ). Бапкерлер штабы: Бас бапкер – Талғат Жайлауов Бапкер – Константин Пушкарёв Қақпашылар бапкері – Александр Кудрявцев Жалпы дене дайындығы жөніндегі бапкер – Игорь Елисеев Әлем чемпионатына арналған соңғы өтінімге 23 ойыншы енеді: 20 алаң ойыншысы және үш қақпашы. БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ