Қазақстан ұлттық командасының 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын құрамы

Күні ертең Қазақстан ұлттық командасы IA дивизионындағы әлем чемпионаты аясындағы алғашқы матчын Польшада өткізеді. Бапкерлер штабы әлем чемпионатына қатысатын құраммен таныстырды. Түбегейлі өтінімге 23 ойыншы – 20 алаң ойыншысы мен үш қақпашы енді:
Қақпашылар: Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі де – «Барыс», ҚХЛ), Владислав Нурек («Горняк», Рудный);
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дмитрий Бреус, Самат Данияр (барлығы – «Барыс» ҚХЛ), Тамирлан Гайтамиров, Бейбарыс Оразов, Кирилл Никитин (барлығы – «Номад», Астана), Фёдор Хорошев («Торпедо», Өскемен), Эдуард Михайлов («Сарыарқа», Қарағанды);
Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Савицкий, Семён Симонов, Аңсар Шайхмедденов (барлығы – «Барыс», ҚХЛ), Артур Гатиятов, Кирилл Ляпунов, Батырлан Мұратов, Роман Старченко (барлығы – «Номад», Астана), Аркадий Шестаков («Адмирал», ҚХЛ);
Бапкерлер штабы:
Бас бапкер – Талғат Жайлауов
Бапкер - Константин Пушкарев
Қақпашылар бапкері – Александр Кудрявцев
ЖДД бойынша бапкер – Игорь Елисеев
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ