София Муравьева: «Гол өткізіп алуымыз бізді қамшылады»

Қазақстанның 18 жасқа дейінгі қыздар құрамасының ең нәтижелі әрі тәжірибелі ойыншыларының бірі — София Муравьева. Екі матчта шабуылшы 14 (7+7) ұпай жинап үлгерді. Бүгін біздің қыздарда демалыс күні, ал Қазақстан хоккей федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында София Латвияға қарсы өткен матчтан алған әсерімен бөлісті.
- Сен қазірдің өзінде тәжірибелі ойыншысың, өткен жылы осы қарсыластармен ойнағансың. Алғашқы екі матч қалай өтті, тәжірибеңнің арқасында ойнау сәл жеңілірек болды ма?
- Әрине, қазір ойнау жеңілірек болды, қобалжу да азайды. Мұз айдынына сабырмен шығып, жай ғана өз ойыныңды көрсетесің. Алдымен гол жіберіп алдық, бірақ бұл, керісінше, алға ұмтылуға, көбірек шайба соғып, жеңіске жетуге қосымша мотивация берді.
- Әр кезең сайын көбірек шайба сала бастадыңыздар, ойын өрнегін таптыңыздар ма?
- Иә, солай болды.
- Бүгін демалыс, қандай жоспар бар, Түркияға қалай дайындаласыздар?
- Бізде жаттығу, әрі қарай білмеймін, мүмкін серуендеп қайтармыз.
- Команда қатты жасарды, бұл қаншалықты сезіледі?
- Әрине, сезіледі, жас ойыншылар да мықты бізде, олармен бірге энергия, күш келді.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ