logo
27 июня 2024
«Слован» Шутовпен келісімшарт жасасқанын жария етті, Диханбек мансабын Ұлыбританияда жалғастырады

Өткен аптада Қазақстан құрамасының екі ойыншысы ауысты.

Қазақстан құрамасының голкипері, өткен әлем чемпионатының үздік ойыншыларының бірі клубын мамыр айының соңында-ақ анықтады, бұл жөнінде ол Insport телеарнасындағы 1XMATCH бағдарламасының эфирінде жария етті. Клубтың ресми дереккөздерінде жаңалық дүйсенбі, 24 маусымда жарияланған. Словакиялық клубпен келіссөздердің нүктесі әлем чемпионаты кезінде-ақ қойылды.  

«Келіссөздерді менің агентім жүргізді, - деді ұлттық құраманың голкипері, - ол маған қоңырау шалып осындай нұсқа бар екенін, қарастыратын-қарастырмайтынымызды айтты. Мен қарастыруға келістім және екі күннен кейін маған шарттарын жария етті. «Слованның» ұсынысы «Барыстікінен» азырақ. Алайда мәселе ақшада емес, бірінші кезекте арманымда», - деді Андрей Шутов.

Андрей Шутовтың құрама үшін дебюті 2021 жылы Ригадағы әлем чемпионатында өтіп, онда Канадаға қарсы ойнады. Чехияда өткен әлем чемпионаты Андрей үшін төртіншісі, ұлттық команда сапында голкипер ресми турнирлердің 20 матчтында ойнады.

Тағы бір қазақстандық хоккейші шотландиялық «Файф Флаерс» клубының құрамын толықтырды. «Номад» қорғаушысы Мади Диханбек алдағы маусымда Британдық элиталы хоккей лигасында өнер көрсететін Керколди қаласының командасы үшін ойнайды. Бұған дейін Қазақстан астанасының командасынан дәл осы ұжымға форвардтар Артур Гатиятов, Максим Мусоров пен Николай Шульга ауысты. Чехияда өткен әлем чемпионаты Диханбек үшін ересектер деңгейіндегі екіншісі, ол ұлттық құрама үшін барлығы 13 матч өткізді. Сонымен қатар жасөспірімдер мен жастар құрамалары үшін ойнады.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ