Қазақстан жасөіпірім қыздар құрамасының ойыншылары Шолпан Тоққожа мен Мадианна Нүсіпова «Qazaqstan» телеарнасындағы «Таңшолпан» таңғы бағдарламасына қонақ болды. Бағдарламада қыздар әлемдік біріншілікке қатысу тәжірибесі, сондай-ақ хоккей сияқты күрделі спортты таңдау себебін айтып берді.
Назарларыңызға эфирдің жазбасын Youtube сілтеме бойынша ұсынамыз.
Еске салайық, 18 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы екінші дивизионның В тобында әлем чемпионаты аясында бірінші орынды иеленіп, бірінші дивизионға жолдама алды.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ