Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Францияға ұшар алдындағы қорытынды жаттығуын өткізді, кеңейтілген құрам анықталып қойды. 23-29 сәуір аралығында Францияның Анжесінде біздің жасөпірімдер топ-дивизионның жалғыз жолдамасы үшін Венгрия, Дания, Франция, Жапония және Украина командаларымен тартысады. Жасөспірімдер құрамасының бас бапкері Сергей Старыгин ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында құрамның жасақталуына қатысты пікір білдірді.
- Біз қазір бірінші кезеңге 33 ойыншыны – 4 қақпашыны, 29 алаң ойыншысын іріктеп алдық. Екі бақылау матчын ойнадық, жігіттерді бақыладық, осы ойындардан кейін Францияға аттанатын құрамға қатысты бір шешімге келдік. 25 алаң ойыншысы мен 3 қақпашы барады. Францияда Жапониямен және Франциямен тағы екі жолдастық матч өткіземіз. Сонда түбегейлі құрамды анықтаймыз. 23 сәуір күні чемпионатты бастаймыз. Жігіттердің барлығы маусымды тәмамдады, дайын, тексерілді, тестілеуден өтті. Барлығы жігіттердің психологиялық дайындығына байланысты болмақ.
- Алғаш рет Солтүстік Америкадан, Финляндиядан жігіттер шақырылды. Оларды бақылап жүрдіңіздер ме?
- Әрине, біз олардың сонда ойнайтынын білдік, статистика бар, оны да бақылап жүрдік. Финляндияда Давлат Нуркенов пен Александр Ким – өз командаларының серкелері, тіпті лига бойынша үздіктері. Рахат Оспанов қорғаушылар арасында беделді, Мағжан Сағадиев – оны да көреміз. Ол да ойнады. Барлығын жолдастық матчтар шешеді, тапсырманы қалай орындайтыны сол кезде белгілі болады.
- Бақылау матчтарындағы қарсыластар бойынша не дейсіз?
- Көреміз, биылғы маусымда барлық қарсыластар турнирлерде ойнады, барлығы видеода бар, біз көріп шықтық, ойындарын шамалап отырмыз. Сондықтан дайындаламыз.
- Құрам жыл сайын жаңара ма?
- Барлығында солай, өткен жылы барлығында 2004 жылғы жігіттер болды, 2005 жылғылардың ең көп саны бізде болған шығар. Биыл барлық командалар 2005 жылы туылғандардан жасақталған.
ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ