logo
14 декабря 2023
Сергей Старыгин: "Ойын бақылауымызда болды"
Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Сергей Старыгин әлем чемпионатындағы (ІА) Жапония командасымен өткен матчқа қатысты пікір білдірді:

- Жеңістің аты жеңіс, ауыр матч болды, әрине. Жапондықтармен қанша ойнасақ та, үнемі қиын болатын. Бүгін ойын бақылауымызда болды, көп соққы жасадық. Гол өткізіп, қарсы шабуылды өткізіп алып, өз жағдайымызды қиындатып алдық, артық құрам болмады. Қарсыластың мықтылығын мойындау қажет, мығым қорғанды. Ойыншылардан көбірек айла-тәсіл көргіміз келеді, бүгін оның реті келмеді.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры



БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ