Сергей Старыгин: «Мұндай жекпе-жектерде төселе түсеміз»
Данияны жеңгеннен кейін (3:2) Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Сергей Старыгин өткен матчқа қатысты ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында пікір білдірді:
- Бұл әлем чемпионаты, Дания командасының бұл жалғыз мүмкіндігі болды. Сондай тартысты матч өтті, олар бірінші кезеңде басымдылық танытты, белсенді қимылдады. Біздің жігіттер бойды тіктеп, екінші-үшінші кезеңді жақсы ойнады, матчты алып шықты. Бұл қуантады. Мұндай жекпе-жектерде төселе түсеміз.
- Келесі қарсыласқа дайындық, ойынға қалай ынталандырасыз?
- Жігіттер әлем чемпионатына өз елінің намысын қорғау үшін келді. Ынталандырудың қажеті жоқ. Ертең жиналамыз, бүгінгі қателерді, қарсыласты қараймыз, жаттығамыз.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ