Қазақстан құрамасының бас бапкері Сергей Старыгин Қазақстан хоккей федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында Швецияға қарсы өткен матчқа қатысты пікір білдірді.
- Бұл дивизиондағы бірінші матч, әсіресе, бірінші кезең сүріндік, бәлкім, қобалжу болған шығар, жеңе алмадық. Келесі ойындар қызығырақ болады деп үміттенеміз.
- Десе де қобалжу болды деп ойлайсыз ба?
- Иә. Олар бірінші рет қобалжып тұрған жоқ. Ұдайы болып тұрады. Бірақ бірінші кезең дәл осылай – бірден 5:1 есеппен ойсырай жеңілеміз деп күтпедік. Болары болды, енді.
- Алайда біз жігіттерді жақсы білеміз ғой, әдеттегідей ойын көрсетпеді ғой?
- Әрине. Бірінші кезең расында сүріндік, дәл қай жерлерінде екенін видеодан көрсетіп, жігіттермен талдадық. Осындағы жаттығуларда соған баса мән бердік.
- Бірінші матч бірден топтың фавориттерінен басталды ма?
- Әрине. Тіпті, құрамы бойынша да, шақырту алған жігіттер көп, ересектер хоккейінде ойнайтындар көп. Біздің ойыншылардың үйренері көп. Мен әрдайым айтамын: бұл ойындардан дұрыс қорытынды шығарып, әрі қарай ойнауымыз керек. Басқа жол жоқ.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ