logo
11 декабря 2023
Сергей Старыгин: «Біз мұнда бір ғана мақсатпен келдік»
Хоккейден жастар әлем чемпионатының алғашқы матчында Қазақстан құрамасы Венгрия командасына қарсы ойында жеңіске жетті. «Жастардың» бас бапкері Сергей Старыгин  ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында өткен ойынға қатысты пікір білдірді.

- Турнирдің алғашқы матчтары әдетте барлық командаларда сылбыр өтеді. Басы жаман емес, одан кейін қателер жібердік, оларды талдап-талқыладық. Қарсыласқа есеп теңестіруге мүмкіндік беріп, үшінші кезеңде күш салып, матчтың барысын бұру үшін үш құрамға өтуге тура келді.
- Екінші кезеңдегі орындықтың алыстығы әсер етті ме әлде аластатулар ма?
- Аластатулар көбірек ықпал етті. Жігіттерді ескерткенбіз, бірінші кезеңде аластатулар болды. Ал орындықтың алыстығына қатысты айтар болсақ, жаттығуда оған әрдайым дайындаламыз, ауысым, қабаттасу болуы мүмкін. Айтарлықтай қарапайым голдардың өтуіне мүмкіндік бердік.
- Трибунада қазақстандық жанкүйерлер көп болды.
- Иә, қызық. Мұнда тұратын, оқитын қазақстандықтар көп сияқты. Қуандық.
- Данияға қарсы көңіл күй қалай?
- Біз мұнда бір ғана мақсатпен келдік, солай болады да. Бастысы, бүгін жіберген қателіктерге жол бермеу.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ