logo
31 марта 2022
Сергей Старыгин: «Жетілдіретін тұстар бар»

Нұр-Сұлтанда алдағы әлем чемпионатына дайындық аясында Қазақстан жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу жиындары жалғасады. Бас бапкер Сергей Старыгин команданың дайындығы туралы ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында айтып берді.

- Қазақстан жастар чемпионаты аяқталғаннан кейін біз команданы жинадық. Жігіттер финалдық ойындарды Оралда өйткізді, бір күн демалып, 29 наурыз күні алғашқы жаттығуларын өткізді. Үшінші сәуір біз Словакияға ұшамыз, онда екі жолдастық матч өткіземіз.

- Құрамның жасақталуы туралы айтып берсеңіз, «Барыс-Жас» ойыншыларынан бөтен басқа қалалардан жігіттерді көре аламыз ба?

- Біздің екі ойыншымыз Қарағандыдан, екеуі Өскеменнен, «Астанадан», қалғандары «Барыстан».

- Алайда желтоқсандағы жастар әлем чемпионатында ойнағандар да бар ғой?

- Иә, олар бесеу – Оспанов, Бреус, Логвин, Ермак және Нұрлан.

- Демек, ешкім 18 жасқа дейінгі әлем чемпионаттарында ойнамаған, алайда 20 жасқа дейінгілер арасында ойнағандар бар ғой?

- Иә, бұл жақсы тәжірибе, ненің не екенін түсінді. Әлем чемпионатынан кейін мұнда көш бастайды деп үміттенеміз.

- «Снежные Барсы» матчы бойынша не айтасыз?

- 2 гол салды да, 2-еуін өткізді. Жаман матч болған жоқ, оңтайлы сәттер де, мән беретін тұстар да бар. Екінші кезеңде де, үшінші кезеңде де гол салатын сәттер туғыздық, тек қынжылтқаны оларды аяғына дейін жеткізбедік. Жетілдіретін тұстар бар. Бұл – қалыпты тәжірибе, U-18 құрамаларымен біз жасы үлкен жігіттермен жиі ойнайтынбыз.

- Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының өтпегеніне екі жыл болды, мұндай үзіліс қалай әсер етеді?

- Қазір әлдене деу қиын, екі жыл бойы халықаралық тәжірибенің болмауы әрине жақсы емес. Себебі қарсылас командалар өте көп ойнайды. Қазір турнирлерді қарап жатырмыз. Өткен жылы Минскіде болған кезімізде, дәл сол кезде Пьештяниде U-18 Беларусь, Дания, Словакия және Германия құрамалары ойнады. Қазір видео бойынша бағалап жатырмыз.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ