logo
7 февраля 2023
Сергей Старыгин: «Қазақстаннан тыс жерде жүрген жігіттеріміз бар, соларды шақырамыз»

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бас бапкері Астанада өткен «PARIMATCH Eurasia Jastar Cup» турнирін ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында қорытындылады.

- Бірінші кезеңде концентрация жетіспеді, бүгін өткізіп алдық. Екінші және үшінші кезеңде жақсы сәттер туғыздық, қақпашыны жеңе алмадық. Екінші, үшінші кезеңді жақсы өткіздік. Ал турнир қорытындысы бойынша Ресейде біз олардан әлдеқайда ойсырай жеңілдік, ал мұнда бірінші кезеңді есепке алмасақ, нәтиже бар. Жігіттер өсіп, әлем чемпионатына дайындалуы үшін осындай ойындар көп болса дейміз.

- Ресей құрамасына қарсы матчтарда жасына қарамастан, біздің барлық ұлттық командалар үшін белгілі бір психологиялық күй маңызды рөл атқара ма? Бәлкім, тым жоғары нәтиже күту.

- Бірінші кезең сол себепті де осылай өтті. Жігіттерге айтылды, ескертілді, таңғы сырғанауда жап-жақсы күйде болды. Әйтсе де, осылай болып қалды.

- Екі айдан кейін әлем чемпионаты алдындағы жиын өтеді, осы матчтардан қандай да бір қорытынды жасадыңыздар ма?

- Әрине, қорытынды да жасадық, бұл жолы Қазақстаннан тыс болып турнирге тартылмааған жігіттеріміз де бар. Басқа командаларда да бар, 2005 жылғылар қазір жастар командасымен Минскіге кетті. Бақылайтын боламыз, оның үстіне, қазір Қазақстан жастар лигасында плей-офф.

- Қазақстан мен Ресейден басқа елдерде ойнап жүрген қазақстандық жігіттеріміз бар ма?

- Иә, екі жігітіміз Финяндияда, ненуі Канадада ойнайды. Оларды шақыруды жоспарлап отырмыз. Олар жазда келіп кеткен, бізбен бірге мұзға шықты, фин жігіттерін білеміз, олар сол командада болды.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ
Банер всплывашка