Сергей Старыгин: «Жігіттер соңына дейін ойнады, жақсы матч болды»
Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында қатарынан үшінші рет жеңді. Бұл жолы Франция командасына қарсы ойында «құрғақ» жеңіске қол жетті. Бұл кездесуге қатысты ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында «жастарымыздың» бас бапкері Сергей Старыгин пікір білдірді.
- Әлем чемпионатында әдетте барлық матчтар ауыр өтеді, Франция командасы да бұған дейін екі матчты жеңген, барлығында белгілі бір мүмкіндіктер пайда болады. Бірінші кезең – бүгінгі таңда біздің ең осал жеріміз. Әйтсе де, екінші, үшінші кезеңдерді барлық көрсеткіштер бойынша жеңдік. Жалпы алғанда жігіттер соңына дейін ойнады, жақсы матч болды.
- Жиындар аясында Франция құрамасымен ойнадыңыздар, ол кезде ойсырата жеңген болатынсыздар. Жігіттерді қалай ынталандырдыңыз?
- Чемпионаттың алғашқы матчының алдында жігіттерге бірден айтылды: ойындар мүлдем басқа болады дедік. Жолдастық матчтыңң жөні бөлек, ал турнирде бәрі басқаша. Француздарға да Канададан қақпашысы келді, жас жігіт, жақсы ойнады. Оны қала алдап соғуға болатынын ойластырдық. Құрам дәл сол бұрынғы, тек өзіміздің белсенді әрекеттерімізбен қарсыласты қателесуге итермелеу қажет болды, және екінші-үшінші кезеңдерде оның реті түсті де.
- Бүгінде 4 шайбаның үшеуі тең емес құрамда салынды. Артық құраммен салу жетілген, мұнымен жұмыстандыңыздар ма?
- Бұл мәселе әрдайым назарымызда, хоккейдегі ойынның барысын бүгінде стандарттар шешеді. Кем құраммен әзірге дұрыс ойнап жүрміз, алайда артық құраммен ойынды жақсартқымыз келеді. Даниялықтармен ойында ол жөнді жүрмеді.
ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ