Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бас бапкері Беларуське қарсы матчты қорытындылады:
– Командаға не жетіспеді?
– Жақсы матч, әсіресе, бірінші кезең жақсы болды. Шыдамдылық жетіспеген шығар бәлкім, қорғаныста қате жібердік, оны қарсылас ұтымды пайдаланып кетті. Беларусь құрамасы қозғалысты көбейтті, біз оған төтеп бере алмадық.
– Бұл турнир Қазақстан үшін несімен маңызды?
– Біз сәуір айындағы әлем чемпионатына дайындалып жатырмыз. Бізде халықаралық деңгейдегі мұндай матчтар жоқ. Өткен жолы сіздің жігіттер Словакияда ойнады, бізде ондай турнирлер жоқ.
– Қыздар құрамасымен ойынға қатысты қандай тапсырмалар бересіз?
– Қыздар хоккейінің ережелеріне сай ойнауды өтіндік, жігіттермен сөйлесеміз.
– Қазақстандық хоккейдің белорустықтан айырмашылығы бар ма?
– Асқан айырмашылық жоқ. Илегеніміз бір терінің пұшпағы. Барлығы бірдей.
Дереккөз: hockey.by
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ