Қазақстан құрамасының бас бапкері Сергей Старыгин «PARIMATCH Eurasia Jastar Cup» турнирінің Қазақстан және Беларусь жасөспірім командалары арасында өткен матчына қатысты пікір білдірді:
- Көп нәрсе жүзеге аспады, егер бірінші кезеңде ұяң қимылдасақ, екінші кезеңде жігіттер жарады, дұрыс түсініп, барлығын орындады. Өте белсенді түрде соққылар жасады, екі гол салды. Үшінші кезеңде тағы да бәсеңдедік, есеп бойынша тіпті алға шыққан едік, сенімдірек ойнауымыз керек еді, алайда тағы да аластатулар алдық, аз құраммен қалған тұста екі шайба өткізіп алдық. Мұндай ойындар үшін бұл өте көп. Бізде де артық құрам жеткілікті болды, алайда жүзеге асыра алмадық.
- Минскідегі турнирде ойнадыңыздар бұған дейін, сол кездегімен қазіргіні салыстырғанда тәжірибеде ілгерілеу бар ма?
- Онда да жақсы ойын болды, онда 2:0 есебімен алда болдық. Есеп бойынша алда келе жатып, өз голдарыңды салмаған кезде мұндай командаларды жеңу қиын.
- Ресейдің 16 жасқа дейінгі командасымен матч өткізесіздер. Не күтесіздер?
- Ойын барысында белгілі болады, ондағы жігіттер де техникалық жағынан, жинақылық тұрғысынан мықты, жастары кіші болғанына қарамастан бойлы, төселген. Жақсы матч болады деп ойлаймын.
Никита Ситников: «Бізді аластатулар сүріндірді»
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының Беларуське қарсы матчындағы алғашқы голдың (2:4) авторы Никита Ситников өткен ойынға қатысты пікір білдірді:
- Бірінші кезеңде шыққанда жігіттерде абдырау болды, аса жақсы ойын көрсете алмадық. Үзілісте сөйлесіп, шығып, өз хоккейімізді көрсеттік, екі гол салдық. Есеп теңестіріп, қарсылас аймағына көше бастадық. Үшінші кезеңде бізді аластатулар сүріндірді, екі аз құрам – екі гол өткізу, біз гол сала алмадық. Қит етсе, аластатып отырды. Мұнда сәл басқа ережелер, тәртіпті күшейту керек бар болғаны.
- Ресей командасымен ойыннан не күтесіздер?
- Көреміз, өз ойынымызды көрсетеміз, соңына дейін ойнап, өз жанкүйерлерімізді қуантамыз.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ