Қазақстан құрамасының алдағы әлем чемпионатына қатысатын кеңейтілген тізімінде төрт қақпашы бар. Олардың арасында ЖХЛ-дың тұрақты чемпионатында «Южный Урал» үшін 38 матч өткізген Сергей Кудрявцев бар. Sports.kz-ке берген сұхбатында голкипер әлем чемпионатына дайындығы туралы айтып берді.
- Сергей, өткен маусым өзіңіз үшін қалай болды?
- Жалпы алғанда, маусым жаман болған жоқ. 38 матч ойнадық және мен жақсы ойындар нашарларынан көбірек болғанына қуаныштымын. Жоғарғы лиганың деңгейі өте жақсы – тең түсетін командалар көп, бәсеке өте жоғары.
- «Барыстан» «Южный Уралға» өткеніңізге өкінбедіңіз бе?
- Мүлдем өкінбедім. Плей-оффқа өтпегенімізді ешқалай ақтай алмаймыз – кіруге міндетті едік. Чемпионат соңында бізге көмектесетін керекті ұпайларды жоғалттық.
- Орскіде келесі маусымға қалдыңыз, неліктен қалам деп шештіңіз?
- Маған көп ойнаған ұнайды, бапкерлер мен басшылықтың сенімі бар – сондықтан келісімшартты создыруға бел будым.
- Өткен жылғы үзілістен кейін құрамаға шақырады деп күттіңіз бе?
- Шынымды айтсам, мен бұл жөнінде мүлдем ойламадым. Шақыра ма, шақырмай ма деген күмәнмен басымды қатырғым келмеді. Алайда шақырғанда таңғалмадым – чемпионат соңына қарай қоңырау шалулары мүмкін екенін түсіндім.
- Қандай сезімдесіз? Дәл қазір Қаақстан құрамасының бірінші қақпашысы атануға дайынсыз ба?
- Тамаша сезімдемін, осында болғаныма қуаныштымын. Қазір қақпашылар арасында үлкен бәсеке бар, алайда қақпадағы орын үшін күресуге дайынмын.
- Қалай ойлайсыз, Қазақстан командасының өткен жылғыдай Әлем чемпионатын шулатуға мүмкіндігі бар ма?
- Менің пікірім — құраманың өткен жылғыдан жақсырақ өнер көрсетуге барлық мүмкіндігі бар. Егер барлығы бір-бірі үшін тартысып, барын салса, сонда ғана алға қойған мақсатқа жетуге болады.
ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі - Sport Qory спортты қолдау қоры
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ