Сергей Кудрявцев ЖХЛ клубымен келісімшарт жасасты

Қазақстан құрамасының қақпашысы Сергей Кудрявцев Жоғары хоккей лигасындағы (ЖХЛ) «Оңтүстік Орал» клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Орск клубының ресми сайты.
Өткен маусымда 30 жастағы Өскемен хоккей мектебінің түлегі «Арлан» сапында Қазақстан чемпионы атанды. Ел чемпионатының тұрақты кезеңінде ол 21 матч өткізіп, соққыларды тойтару пайызы – 93,1%-ды, сенімділік коэффициенті – 1.97-ні құрады. Плей-офф кезеңіндегі 11 ойында қақпашы соққыларды тойтару бойынша 94,6% көрсеткішке ие болып, сенімділік коэффициенті – 1.29 болды. Данияда өткен әлем чемпионатында Кудрявцев АҚШ құрамасына қарсы бір матч өткізді.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ