logo
17 октября 2024
Қазақстан жастар құрамасы Санкт-Петерборда 2024 жылғы Болашақтың кубогінде өнер көрсетеді

Перьмде 2009–2010 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы хоккейден «Золотая шайба» халықаралық турнирі аяқталды. Еліміздің атынан жарыста өткен жылдың желтоқсан айында өткен «Samruk Bala Cup» ауыл командалары арасындағы турнирдің жеңімпаздары мен күміс жүлдегерлері – Ақмола облысының құрамасы, Шығыс Қазақстан облысынан «Ақмола» және «Ұлан» командасы өнер көрсетті. Перьмдегі турнирге жолдама Астанадағы турнирдің бас жүлдесі болды. Біздің хоккейшілердің қарсыластары «Сахалин», Южно-Сахалинск қ.; «Ярославич», Ярославль қ.; «Кстово», Нижегород облысы; «Медведи», Пермь облысы; «Гомель», Беларусь. Айтып өтетін жайт, еліміздің атынан кәсіпқой емес ауыл командаларының балалары ойнаса, ал қарсыластар – Ресей өңірлерінің кәсіпқой БЖСМ шәкірттері.

«Эмоциялар тек жағымды, - деп турнир туралы әсерімен «Ақмола» командасының турнирі Сергей Черников бөлісті, - барлығы тамаша, жоғары деңгейде, турнирдің ұйымдастырылуы тамақтанудан бастап, мұзға, төрешілікке дейінгі барлығы тамаша. Жігіттерге барлығы ұнады, мол тәжірибе, эмоция алды. Қазақстандық тартыс өтіп, онда біз жеңдік және бас бапкеріміздің туған күніне тарту жасадық. Турнирдің ұйымдастырылуы мен барлық командаларға көп рақмет!».

«Көңіл-күйіміз жақсы, команда үлкен тәжірибе алды, мұндай халықаралық турнирге қатыстық, соңына дейін беріспедік. Алайда жеңіліссіз жеңіс болмайды, біздің жеңістеріміз әлі алда, біз әлі ораламыз», - деді «Ұлан» командасының бапкері Сергей Зиновьев.

Қазақстандық командалар жүлделі орын ала алмаған турнирдің қорытындысына қарамастан, ауыл мектептерінің шәкірттері мұндай ауқымды хоккей мерекесіне қатысып, теңдессіз жаңа тәжірибе алды.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ