2 ноября 2025
U20 және U18 құрамалары бақылау матчтарын өткізді

Бүгін «Барыс Арена» мұз айдынында жастар және жасөспірімдер құрамалары арасында екі бақылау кездесуі өтті. Алғашқы ойында жастар (U20) және жасөспірімдер (U18) құрамалары кездесіп, 6:3 есебімен жастар құрамасы жеңіске жетті. «Жастар» сапынан Семён Черкасов, Карим Кажибеков, Виталий Божко, Матвей Умеренков және дубль авторы Александр Перкин көзге түсті. Ал жасөспірімдер құрамасынан Расул Тұрсынов, Егор Кравченко және Никита Маринин шайба соқты.
Кешкі кездесуде Б тобының құрамалары ойнады. Бұл матч та «жастар» құрамасының пайдасына 4:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапынан Никита Рублёв, Айтуар Нұржанов және Әмірхан Шегебаев шайба соқты. Ал жасөспірімдер құрамасынан жалғыз голдың авторы – Роман Лазаренко.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ